Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Айдос Сарым: «Заман қанша өзгерсе де, газет өлмейді» (ФОТО)

«Атырау-Ақпараттың» баспасөз клубында белгілі саясаттанушы Айдос Сарым жергілікті БАҚ өкілдеріне семинар-тренинг өткізді. Ол мерзімді басылымдарға қатысты ойын былайша жеткізді. «Заман қанша өзгерсе де, газет өлмейді. Бірақ та бүкіл әлемді бағындырған ғаламтор желісі ақпарат таратумен технологиялар мен форматтарды бір өзіне тәуелді етіп отыр. Сонда да болса, «өзі бір күндік, сөзі мың күндік» деп ұлыларымыз айтып кеткен сөздің мағынасы жойылмайтындығына сенімдімін».

кайсар

Содан кейін ол саясатқа, латын әліпбиіне көшуге байланысты қойылған өзекті сауалдарға да толыққанды жауап берді. Ал, «Литер» газетінің директор-бас редакторы Қайсар Жанаханов өзі басшылық жасайтын басылымның қазіргідей әлеуметтік желілер мен ІТ технологияның дамыған уақытында баспасөздің қоғамдағы орны мен ролін сақтап қалу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарымен таныстырды.

кайсар (2)

Семинарға қатысушы журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Олар негізінен редакцияларда қызмет атқаратындардың санына, еңбекақысына және ынталандыру шараларына қатысты өрбіді. Сонымен қатар, елдегі ең көп таралымы бар басылымның халық арасындағы беделі мен оған сарапшылардың беретін бағасы төңірегінде де сөз тарқатты. Газеттің таралымы мен оқырманының көбеюіне әлеуметтік желілердің қаншалықты ықпал етіп отырғандығын нақты мысалдармен дәлелдеді.

кайсар (3)

кайсар (1)

Соңынан жоғарыда аталған саясаттанушы Айдос Сарым, AMG медиа-груп директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Нұрғазин, «Литер» газетінің директор-бас редакторы Қайсар Жанаханов, «Сардар» баспа үйінің директоры Әділ Қайтанов, «Adai.kz» ақпараттық порталының бас редакторы Дәурен Қуат, ІТ маманы, блоггер Нұрлан Жанайдың қатысуымен «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Басқосуда бүгінгі күннің тақырыбына айналып отырған латын әліпбиіне көшу мәселесі әңгіме арқауы болды.

Дәулетқали ЛАТИФҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button