Жарнама
"ATYRAÝ"-ға 100 жыл!ЖаңалықтарШаһар шырайы

Қайдасың, бұрынғының бұрымдысы?

Облыстық «Атырау» газеті арулар арасында осындай атаумен байқау ұйымдастырады. Егер сіздің шашыңыз ұзын болса, біздің байқауға қатысып, жеңімпаз атануға, газет тағайындаған қомақты жүлденің иегері болуыңызға мүмкіндігіңіз бар!

Screenshot_2

Ол үшін бұрымыңыз анық көрінетіндей өз фотоңызды редакцияға жолдауыңыз қажет. Келесі жылға біздің газетімізге жазылғандығыңызды растайтын (бір жылға жазылу) түбіртекті де қоса жолдау – байқаудың басты шартының бірі. Конкурс 1 желтоқсаннан бастау алып, 8 наурыз қарсаңында қорытындыланады. Хатыңызда суретпен қоса, өзіңіз туралы қысқа мәлімет пен шашыңыздың күтіміне қатысты өз тәсіліңізді де жазып жіберуді ұмытпаңыз.

Конкурс жеңімпазын анықтау барысында газеттің www.atr.kz ресми сайтында дауыс беру нәтижесі де есепке алынады.  Және жеңімпаздар бірнеше аталым бойынша марапатталады. Ендеше, бізбен бірге болыңыз, оқырман!

Ескерту: шарттарды толық орындамаған үміткер дауыс беру кезеңіне  жіберілмейді.

Related Articles

14 Comments

  1. «Қыздың көркі-шаш, шаштың көркі-шаштеңге» демекші, дана халқымыз шашты сұлулық пен мәдениеттілік белгісі ғана емес, әйелдер қауымына берілген Алланың айрықша сыйы деп ерекше қарап, құрметтеген.

  2. «Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», – деп жырға қосқан.

  3. данагөй ата-бабаларымыз «шаштың киесі бар» деп қыз-келіншектерді жалаңбас жүргізбеген және шашының бір талын да кез келген жерге тастамаған.

  4. бүгінгі күні қыздың көркі – шаш деген сөзді басқа ұғымдармен алмастырып алғандаймыз. Шашы емес, тырнағы ұзын, астында машинасы, қолында қос телефоны бар қыздарымыз сәнде.

  5. қазір шашы ұзын кыздар жоқ деген сөз емес. Әрине, бар. Бірақ ұзын шашын жайып, автобуста қысылып тұрғанда кейбірінің аузына, көзіне кіріп кететін шаштарға не айтамыз?!

  6. Бұрым – сұлулықтың сәні деген ата-бабаларымыз қыздарының жас кезінен-ақ бұрымын айрықша күтімге алып, ұзын етіп өсіруге түрлі шөп тұнбаларын, халық рецептерін пайдаланған.

  7. Бұрым – қыз-келіншектердің бақыты мен абыройы деп санаған халқымыз көп бұрымның қасиеті де көп болады деген.

  8. Африка мен Өзбекстанда да қыз баланың шашын көп бұрым етіп өреді. Қазір бірқатар бойжеткендер африкалық стильде бұрым өруге құштар. Бұл олардың Шығыс халқының көп бұрымды қалай өретінін білмегендігінен шығар. Адам шашының құпия қасиеттерін зерттеуші ғалымдар «көп бұрымды шаш сол баланың отбасындағы тұрмыс-тіршілікке оң ықпалын тигізіп, жақсартады» деп ғылыми тұрғыда нақты деректермен дәлелдейді.

  9. қазіргі кезде жуан бұрымды жеңді білектей, қос бұрымды тау басынан құлаған бұлақтай деп дәріптеген қазағымыздың ежелгі салтын ұмыт қалдырып жатқандаймыз немесе оны мүлде басқа қырынан танып білгендейміз.

  10. Бұрымды қояйықшы, қазақ халқының ежелгі қылмыс туралы заңында шаштың өзіне байланысты арнайы баптар болған.

  11. Бұзық ойлылар, есерлер әйелдің шашын кесетін болса, ол әйелдің бір дене мүшесін кескен болып есептелген және соған сәйкес әлгі адам қатаң жазаға тартылып, үлкен айып төлеген.

  12. шаш кесу әйелдер үшін өлім жазасына тең жаза ретінде қаралған. Қарап тұрсаңыз, мұның бәрі халқымыздың әйелдердің шашын баяғы кезден-ақ өте қатты бағалағанын, қасиетін терең түсінгендігін көрсетеді.

  13. шашты жай сән үшін өсіріп жүрген қыздарымыз бұрым дегеннің не екенінен бұрын, ең бірінші шаштың қасиетінен хабары болса екен деймін.

  14. Қыздың көркі – шаш болғандықтан, табиғат берген көркімізден айырылмай, айнымай жүрейік!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button