IMG 20190830 WA0032

Атырауда аула балалары бас қосты

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/4 қыркүйек, 2019 жыл. Атырау қаласындағы шағынаудандарда тұратын жасөспірімдердің басын қосқан осындай жарыстың бірін  Конституция күніне орай Бұқаралық спортты дамыту клубы ұйымдастырды.  

10-15 жас аралығындағы балалар қатысқан «Көңілді старт» ойынына  «Рахат», «Светлана», «Авангард», «Нұрсая», «Вокзал маңы» командалары қатысып, әр аула командасында үш ойыншыдан болды.  Жарыс барысында командалар өзара ұзындыққа секіру, доп тебісу, скакалкамен секіру, эстафета тәрізді ойындар бойынша бәсекелесіп, әр жарыс түріндегі ұпайлар санының жиынтығы нәтижесінде  «Авангард» командасы (ойыншылары: Тұрар Бағытжан, Абдуррахман Төлеген, Айболат Төлеу) жарыс жеңімпазы атанды.  Ал, екінші орын «Вокзал маңы» жасөспірімдеріне бұйырса, «Нұрсая» командасы үшінші орын иеленді.     

Барлық жүлдегерлерге Бұқаралық спортты дамыту клубы атынан медальдар мен дипломдар табысталды.   

IMG 20190830 161811
IMG 20190830 162748
IMG 20190830 WA0023
IMG 20190830 WA0030
IMG 20190830 WA0031

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған