Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Аяусыз зорланып, өзіне қабір қазуға мәжбүр болған балқаштық бойжеткен жанайқайын жеткізді (фото)

Алматыға Балқаштан келген бойжеткен «Не молчи» қорынан көмек сұрауда. Бойжеткеннің айтуынша, жарты жыл бұрын оны аяусыз зорлап, соққыға жыққан. Ал қылмыскерлер әлі күнге дейін бостандықта жүр. Бұл туралы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

pogudx4dgqu8qeus8.c2dc9ce0

Бұл жағдай өткен жылдың тамызында болған. 30 жастағы Нұргүлдің айтуынша, оны бұрынғы жігіті досымен бірігіп зорлап тастаған. Сол сәтте Нұргүлдің жігітімен айырылысып кеткеніне жарты жылдан астам уақыт өткен еді. Алайда көп ұзамай достық қарым-қатынасты сақтап қалуын сұраған жігіттің арам ойынан бойжеткен мүлде бейхабар болған.

12 тамыз күні құрбысының үйінде болған Нұргүлді бұрынғы жігіті досымен бірге іздеп тауып алады.

«Мен құрбымның үйінде отырғанымды ол қайдан біліп қойғанын білмедім… Ол досымен жетіп келіп, мені пәтерден сүйреп алып шықты. Құрбым есікті тарс жапты да, еш көмектеспеді, тіпті полиция шақырмады», — деп есіне алды Нұргүл.

Бойжеткеннің айтуынша, жігіті оны шашынан сүйреп көлікке отырғызап, көл маңына алып кеткен.

«Олар сондай қатыгез болды, мұндай қатыгездікті өмірімде көрген емеспін. Мені көлге батыруға тырысты», — дейді Нұргүл.

Бойжеткенге сол жердегі куәгер әйел араша түспек болады. Алайда онысынан түк шықпай, жігіттер Нұргүлді қаңыраған жерге алып кетеді. Олар бойжеткенді зиратқа алып барып, әбден азаптаған.

«Арматураны көтеріп, мені сонымен жаншымақ болды. Алайда қолдарынан келмей, оның темірімен қолымды байлауға тырысты. Мен қашумен болдым, алайда олар ұстап алып, джипке отырғызды. «Не үшін мені бұлай азаптап жатырсыңдар» деп сұрап, жіберулерін өтініп жалбарынғаныммен, олар ессіз күйде болды», — дейді зардап шегуші.

Олар Шашубай ықшамауданына барып, күрек алған. Кейін зиратқа қайтып келіп, сонда Нұргүлді зорлаған. Аяусыз соққыға жығып, күрекпен ұрған, өзіне қабір қазуға мәжбүрлеген.

Нұргүл тірі қалды, алайда азаптаған жігіттер бұл жайтқа қатысты тіс жаратын болса, аман қалмайтынын айтып, қорқытқан.

Зорланғаннан кейін екі күн өткесін бойжеткенді жедел жәрдем емханаға алып кетеді. Сол жерде Нұргүл полицияға шағым түсіріп, күдіктілер қамауға алынады.

pogudx10bjn5v4g0ko.a11c833c

Бойжеткеннің айтуынша, күдіктілер қамауда ұзақ болмаған. Олар, тіпті Нұргүлге емханаға келген. Зорлау фактісі туралы сараптама жасалғанымен, тергеуші өз жұмысын толыққанды атқармағанына күйінген бойжеткен бір жарым айдан кейін жергілікті прокуратурадан көмек сұрайды. Прокурор тергеушіні шақыртып, он күн ішінде тергеуді толыққанды жүргізуді тапсырады. Алайда бұл да еш нәтиже бермеген. Бойжеткен облыстық ІІД-ге де жазған, бірақ одан еш жауап болмапты.

pogudxv11pukhfdds.0ae35638

«Мен өз өмірім үшін қорқамын. Сол себепті «Не молчи» қоғалысынан көмек сұраудамын… Тергеушінің істі созып келгеніне жарты жыл болды. Неге бұлай созылып жатқанын түсіне алмадым. Мен тек кінәлілер жазасын алып, әділеттік орнағанын қалаймын. Маған олардан көк тиын да қажет емес», — дейді Нұргүл.

Нұргүл «Не молчи» қозғалысының кеңсесінен тергеушіге хабарласады. Ол ДНҚ сараптамасы оң нәтиже берді ме деген сауал қойғанда, тергеуші мұны растайды. Алайда, көп ұзамай тергеу дәлелдердің болмағанынан тоқтап қалғаны анықталған.

Қарағанды облысының ІІД қызметкерлері таяу арада бұған қатысты түсініктеме беруге уәде етті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button