Атырау «қызыл аймақта»: бір тәулікте 154 адамнан коронавирус анықталды

COVID-19: Соңғы поштадан...

«Атырауда 518 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда» деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 99 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 6 адам анықталды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 11, Индерде 7, Исатай ауданында – 7 Махамбет ауданында – 4, Қызылқоғада – 7, Құрманғазы ауданында – 11, Мақатта – 2 адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 101 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 29 адам емделіп шықты.
Қазір 512 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 182,
№2 облыстық ауруханада -140, аудандық инфекциялық стационарларда – 119 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 52 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз