Жаңалықтар
Авариялық бригадалар Атыраудың көшелерінен мыңдаған текше метр су сорып алды
Атырау қаласы әкімдігінің мәліметінше, коммуналдық қызметтер жаңбырдың салдарымен күресуді жалғастырып жатыр. Қазіргі таңда 16 бірлік техника қолданылуда: олардың 8-і «Арнаулы автобаза» ЖШС-не қарасты, 6-ы «Атырау Су Арнасынан» бөлінген және жеке меншік ұйымдардың 2 бірлік техникасы тартылып отыр.
Су басқан көшелер туралы ақпаратты Атыраудың тұрғындары «Атырау облысының әкімдігі» Телеграм чат – арнасына және диспетчерлік қызметтің мына номеріне хабарлай алады: +7 7122 354-131