ЖаңалықтарҚұқық
«Авангардтағы» адам өліміне қатысты қылмыстың беті ашылды
Atr.kz/2 қыркүйек, 2020 жыл. АВАНГАРДТАҒЫ АДАМ ӨЛІМІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫС АШЫЛДЫ.
30 тамыз сағат 00:30 шамасында Авангард 3 ықшам ауданының 1973ж.т. тұрғыны көршісімен бірге ішімдік ішіп отырып, өзара сөзге келіп қалып, жанжалдасып, пышақпен жарақаттаған. Алған дене жарақатынан 1967 ж.т. азамат оқиға орнында жан тапсырған.
Аталған дерек бойынша сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.