Жарнама
Жаңалықтар

Ауыр жүктерге уақытша шектеулер енгізілді

2025 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы автомобиль жолдарын сақтау мақсатында ҚР «Автомобиль жолдарын туралы» Заңына және  «көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 5 шілдедегі №492 бұйрығын орындау үшін, республикалық маңызы бар автожолдарда климаттық аймақтарға сәйкес 3.12 оське түсетін жүктемені шектеу 8 тоннадан асатын автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізіледі.

Қозғалыстың уақытша шектеулерінің жыл сайынғы қолданылу мерзімдеріне сәйкес, V жол-климаттық аймақ үшін – Министр бұйрығына қосымшаға сәйкес 2025 жылдың  наурыз айының 1-нен сәуір айының 1-не дейін. Халықаралыық және республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы жолдарында жүруге тыйым салынады.

Шектеулер келесі автокөлік құралдарына тартылмайды:

1. Халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын.

2. Төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларын жүзеге асыратын.

3. Зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуді жүзеге асыратын.

4. Азық-түлік тасымалдау, жолаушылар мен багаж тасымалдау, дәрі-дәрмек тасымалдауды жүзеге асыратын.

5. Жол бойында қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдарға берілген учаскелердегі жол-құрылыс жұмыстарына тартылған көліктерге.

6. Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери  құралымдардың, сондай-ақ әскери тасымалдарды жүзеге асыратын.

7. Ауыр салмақты автокөліктер қатынасын реттеу және т.б қосымша ақпараттарды Атырау облысы бойынша транспортты бақылау инспекциясынан хабарласып, білуге болады.

«ҚазАвтоЖол ҰК АҚ Атырау облыстық филиалы «ҚАЖсервис ЖШС Атырау облыстық филиалы

Сурет: dknews.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button