Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Ауылдық округ әкімдерінің сайлауалды бағдарламасына қанша қаражат бөлінгені белгілі болды

Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында, Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Айнұр Аманжолова мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының сайлау туралы конституциялық заңына сәйкес, мемлекет кандидаттардың бағдарламалары мен БАҚ төлем жасау үшін қаражаттың тең бөлінуіне кепілдік береді.

  • Ауылдық округ әкіміне кандидаттардың сайлауалды бағдарламасын жүргізуі үшін – бір кандидатқа 220 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Оның ішінде телеарналар және радиотораптары арқылы сөз сөйлеу, сондай-ақ мерзімді баспасөз беттерінде мақалалар жариялау үшін 170 мың теңге қарастырылған. Сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін 17 мың теңге, көлік шығындарына 30 мың теңге және үй-жайларды жалға алу үшін 3 мың теңге бөлінген, – деді Айнұр Аманжолова.

Ауылдық округ әкімі лауазымына үміткерлерді бюджеттен қаржыландыру, аумақтық сайлау комиссиясының шешімі бойынша жүргізіледі. Жалпы жыл аяғына дейін сайлау процесіне 120 млн 248 мың теңге қарастырылған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button