Ауылдар арнаулы техникалармен толықты
Жылдардың тоғысар сәтінде қос өзен аралығын қоныстанған қазыналы өңірдің тұрғындары тағы да бір жағымды жаңалықтың куәсі болды.
Осылайша, Исатай ауданында жаңа көліктер мен арнаулы техникалар салтанатты жағдайда иелеріне табысталды.
Атап айтқанда, екі жеңіл машина аудандық салалық бөлімдерге қызметтік көлік ретінде берілді. Сонымен қатар облыстан бөлінген екі автобус Өркен және Зинеден ауылындағы Юрий Гагарин атындағы орта мектептерге тапсырылды. Өңірдегі түнгі көше жарығына жауапты мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтып, қоқыс полигонының қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау жұмысын жеңілдетіп, жақсарту мақсатында үш бірлік техника Аққыстау ауылдық округінің теңгеріміне өткізілді.
– 2025 жылға облыстық бюджеттен үш техникаға қаржы бөлінді. Оның ішінде, айта кетсек АГП техникасы автокран және шағын жүк тиегішті аудан орталығында қалдыру жоспарланса, Тұщықұдық ауылдық округіне ,,Беларусь» тракторы тіркемесі, сыпыртқысы және қар күрейтін күрейтін құралымен бірге
Тұщықұдық ауылдық округіне тарту етілмек. Сонымен қатар жауын – шашын, еріген қар суын айдау үшін екі дизельді мотопомпа алынады. Сол сияқты, аудан орталығынан шалғайда орналасқан Забурын және Исатай ауылдық округтері әкімдігіне өрт сөндіру құрылғысы алынып берілетін болды, — дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ерболат Мақашев.
Дәулетқали АРУЕВ
Исатай ауданы