Ауылдағы көпбалалы аналарға жеке кәсіп бастау үшін 500 мың теңге беріледі

20180906140147 Жаңалықтар

 Atr.kz/1 – наурыз, 2019 жыл. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

«Отбасылық бизнесті ашып, айналысу үшін еліміздің ауылдарында тұратын көпбалалы аналарға мемлекеттік гранттар бөлінеді. Жаңа кәсіпкерлік үшін 500 мың теңге көлемінде қайтарылмайтын қаржы беріледі.

49db68c16f342bf7241d4a23ae75e995 e1496655161200
Бердібек Сапарбаев
Фото – 365Info

Микрокредиттеу аясында 2019 жылға белгіленген 14 мың микрокредиттің 5 мыңы жаңа кәсіп бастау үшін ауылда тұратын көп балалы аналар мен мүгедектерге беріледі», – деді министр.

Сондай-ақ, ауылдық көпбалалылар қажетті мамандықтар бойынша бизнес-курстардан білім алатынын жеткізді. Аналарға үйде отырып жұмыс жасауға мүмкіндік қарастырылады.

20180906140147
Фото – Казинформ

Министрдің сөзінше, аналар киім тігу мен нан пісіру сияқты жұмыстармен айналысу арқылы ресми қызмет атқарғандай дәрежеде болады.

Дереккөз: nur.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз