
Ауыл шаруашылығына арналған байқау өтпеді
Облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газеті осы жылдың 1 сәуірі мен 15 маусымы аралығында ауыл шаруашылығы тақырыбын насихаттау мақсатында шығармашылық байқау жариялаған болатын. Бұл бастама «Коммунистік еңбек» (қазіргі «Атырау») газетінің бұрынғы бас редакторы Құмар Кенжеғалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай және оның ұлы, белгілі меценат Бауыржан Кенжеғалиевтің қолдауымен ұйымдастырылған еді.
Байқаудың шарттары газеттің ресми сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланып, қатысушылардан электронды пошта арқылы материал жолдау талап етілді.
⠀
Алайда, көрсетілген мерзім ішінде небары 5 материал келіп түсті. Оның ішінде соңғы 2 материалдың мерзімнен кеш түсуі де ескерілді. Жалпы, жолданған материалдар мазмұндық жағынан байқау талабына сай болғанымен, қатысушылар санының тым аз болуы және талаптың толық орындалмауы себепті, арнайы құрылған байқау комиссиясы шығармашылық байқауды “өткен жоқ” деп тану туралы шешім қабылдады.
Аталған шешім байқаудың бастамашысы әрі демеушісі Бауыржан Кенжеғалиевке таныстырылып, келісілді.
Редакция