Атырауда мас жолаушының кесірінен пойыз тоқтап қалды

f9c8eaf3 1e96 4e97 8ed3 f98a1cd3f7fa Жаңалықтар

Атырау облысы Кенбай станциясының учаскесінде ер адамның пойыздың тоқтату кранын жұлып алғанына байланысты Атырау – Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызы кестеден тыс тоқтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Пойыз тұрағы 12 минутты құрады. Тексеру барысында көлік полицейлері Ақтөбе облысының 59 жастағы тұрғынын анықтады. Ол спирттік ішімдік ішіп, масаң күйінде вагон тамбурында тоқтату кранын жұлып алған. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, оның “орташа дәрежедегі” алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

– Сағыз станциясына келгеннен кейін құқық бұзушы акт бойынша пойыздан түсірілді. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 айлық есептік көрсеткіш (34 500тг) мөлшерінде айыппұл салынды, – деді көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері көліктегі ПД қызметкерлері 18 774 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін екі мыңға жуық адам жазаланған. Сондай-ақ, тоқтату кранын жұлып алудың 13 фактісі тіркелді.


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз