Ауыл шаруашылығын субсидиялауға 2 трлн теңгеден астам қаражат бөлінді

screenshot 20220113 192355 Жаңалықтар

2022 жылғы 13 қаңтарда «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасы алаңында «Ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Жәнібек Қаражанов, «Атамекен» өңірлік Кәсіпкерлер палатасының басшысы Нұрлан Сүйінбаев, Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат және бөлім басшылары, өңірдің фермерлері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, БАҚ және қоғам өкілдері қатысты.

Іс-шараны «Атамекен» өңірлік Кәсіпкерлер палатасының басшысы Нұрлан Сүйінбаев ашып, субсидияларды алудың заңды жолдары туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.

Кездесу барысында Жәнібек Қаражанов Агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласына жүргізілген ауқымды талдау нәтижесінде анықталған кемшіліктер туралы баяндады және сыбайлас жемқорлыққа әкелетін жағдайларды болдырмауға шақырды.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Саламат Амангелді өңірдің кәсіпкерлері мен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне субсидия алу жолдарын түсіндірді. Өз сөзінде ол жыл басынан бері субсидия алу жолдары туралы жүйелі ақпараттық жұмыс жүргізілетінін атап өтті.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өндірушілері субсидиялау саласындағы проблемалық мәселелерді зерттеу бойынша сауалнамадан өтті.

Айта кету керек, соңғы бес жылда Ауыл шаруашылығын субсидиялауға 2 трлн теңгеден астам қаражат бөлінді

«Бес жыл ішінде бұл салада 960 қылмыстық іс қозғалып, 450 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз