Жарнама
ЖаңалықтарСарапTimeЭкономика

Ауыл шаруашылығы қалай несиеленіп жатыр?

Агроөнеркәсіптік кешенді үздіксіз қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнесті несиелеуді арттыруға маңыз берілуде. Ендеше, қазіргі күні ел экономикасының маңызды саласы болып табылатын ауыл шаруашылығында несиелеу жайы қалай жүргізілуде? Несие алу бағдарламаларының түрлері мен тиімді жақтары қандай?

Жобалар жүзеге асуда

Расында, бүгінгі күні елімізде ауыл шаруашылығын қолдау бағытында бірнеше іргелі жобалар қолға алынып отыр. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ агроөнеркəсіптік кешенді дамыту бағытында мемлекеттік қолдауды «Кең дала», «Сыбаға», «Агробизнес», «Іскер», «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары негізінде жүзеге асыруда. Бұлардың əрқайсысының белгіленген шарттары мен кепілдемелері бар.

Сонымен қоса, пайыздық мөлшерлері де əртүрлі. Аталған корпорациямен қатар несиелеу жұмыстарын біраз жылдан бері «Ауыл шаруашылығын қ а р ж ы л а й қ о л д ау қ о р ы » А Қ («ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы) да атқаруда. Олар өздерінің несие өнімдері арқылы шаруагерлерді ауыл шаруашылығы жəне ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес бағыттары бойынша қаржыландырып келеді.

Атап айтқанда, мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен сақтауға жəне кəсіпкерліктің басқа да түрлеріне несие береді. Ауылдағы кəсіпкерлікті дамыту жəне халықтың əл-ауқатын жақсартуды көздеген бұл қор биыл мал шаруашылығымен айналысамын деушілерге 30 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде несие беруді қолға алды. «Еңбек» нəтижелі жұмыспен қамтуды жəне жаппай кəсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында да кəсіпкерлерге жеңілдетілген шағын несие беру үшін 36 миллиард теңге қаржы бағыттауды жоспарлап отыр.

«Еңбек» бәрін жеңбек

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Атырау филиалының директоры Гүлзада Шалағұлованың айтуынша, қазір қордағы негізгі несиелендіру екі қаржы көзінен жүргізілуде. Оның бірі – «Еңбек» нəтижелі жұмыспен қамтуды жəне жаппай кəсіпкерлікті дамыту бағдарламасы болса, екіншісі – жергілікті бюджеттен бөлініп жатқан шағын жəне орта бизнесті дамытуға бөлінген қаражат.

Бірінші бағдарлама бойынша көпшілік білетіндей, бірнеше бағытта несие өнімдері бар. Олар мал жəне егін шаруашылығы, кəсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жəне қайта дайындау бағыттары болып келеді. Мəселен, осы бағдарлама бойынша ірі қара, қой жəне түйе шаруашылығын дамытуға берілетін несиенің мерзімі 10 жылға дейін. Несиенің жылдық мөлшері 16 пайыз болады. Бірақ, оның 10 пайызын мемлекет субсидиялайды. Яғни, шаруагер несиенің бар-жоғы 6 пайызын ғана төлейді.

Осыған қоса, негізгі борышты өтеу бойынша екі жылға дейін, ал, сыйақыны өтеу бойынша бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі де қарастырылған. Негізгі борыш пен сыйақыны ай сайын, тоқсан сайын немесе жарты жылда бір төлеп тұру мүмкіндігі де қарастырылған. Бұл несиелер тек жеке кəсіпкерліктерге, шаруа қожалықтарына жəне фермерлік шаруашылықтарға бағытталған. Сондай-ақ, несиені алуда мал шаруашылығын дамытуды жоспарлаған кəсіпкерге қойылатын бірқатар талаптар да бар. Ең бастысы – үміткердің несие тарихы жақсы болып, кепілге қоятын мүлкі болуы шарт.

Бұдан бөлек, бюджеттік жəне қаржы ұйымдарының алдында мерзімі өткен берешегі болғаны жөн. Осыған қоса, əрине, шаруагердің мал ұстайтын қорасы мен жайылымдық жері болуы керек. Одан əрі, егер ірі қара малын ұстаса төлін бордақылау алаңына тапсыру, ал, қой шаруашылығымен айналысқандар тоқтыларын ет өңдейтін кəсіпорынға тапсыру, түйе баққандар сүті мен жүнін қайта өңдеу кəсіпорнына тапсыру келісім-шарттарын жасайды.

«Каникул» алуға болады

А л, жерг ілікті бюджет тен шағын жəне орта бизнесті дамытуға бөлінген қаражат 2013 жылдан бері беріліп келеді. Биыл да бұл үрдіс жалғасып, осы бағытта облыста 500 млн. теңге қаражат бөлінді. Қазіргі күні сұраныстар қабылданып, өтінім білдірушілерге несие ұсынылуда. Оның көлемі 8 мың айлық көрсеткішке дейін, ал, несиелендіру мерзімі 4 жылға есептелген. Бір ерекшелігі, о сы аралық мерзімде несие алушының «каникул» алуға мүмкіндігі бар. Оның пайыздық мөлшерлемесі 7 пайыз болады.

Сондай-ақ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ «Еңбек» бағдарламасына жаңа қала мен моноқалаларды не сиелендіруге арналған жаңа тармағын қосып отыр. Бұл бағдарлама бойынша Атырау жəне Құлсары қалаларының кəсіпкерлері 20 млн. теңгеге дейін несие ала алады. Несие мерзімі – 5 жыл, мөлшері 6 пайыз болады. Мұнда көп балалы жəне күнелтісі төмен отбасыларға 4 пайыздық жеңілдіктер қарастырылған.

«Қазақстанда жасалған»

Сонымен қатар, шаруагерлерге лизинг бойынша техника беретін «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы осы жылдың 1 сəуірінен бастап ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді қолдау мақсатында техника мен көлік құралдарын қаржыландырудың «Қазақстанда жасалған» атты арнайы жеңілдетілген бағдарламасын іске қосты. Техникасын жаңартқысы келетін фермерлерге ұсынылып отырған бұл қаржы да 6 пайыздық мөлшерлемесімен 10 жылға беріледі.

Бұған қоса, бір жылға дейінгі лизингтік төлемдер жеңілдігі тағы бар. Инвестициялық субсидия түріндегі қолдаудың арқасында алғашқы жарна төленбейді жəне кепілсіз беріледі. Ал, өтінімді қабылдау жəне оны қарау азайтылған құжаттар пакетінің электрондық көшірмелері негізінде жеңілдетілген тəртіппен жүзеге асады. Бұл бағдарламаның іске асырылуы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге елеулі қолдау болады. Əсіресе, елдегі азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жəне отандық машина жасауды дамытуға оң ықпал тигізіп отыр.

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы осымен қатар, биылғы 15 маусымға дейін қарыз алған шағын және орта бизнес өкілдеріне несиені тек қаржы шарттары бойынша ғана ұзартпай, қаржы лизингі шарттарымен де төлеу мерзімін ұлғайтты.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button