Ауыл шаруашылығы министрлігі: Болашақ «халал» ет экспортында
Atr.kz/4 сәуір, 2019 жыл. ҚР Ауыл шаруашылығы министрілігі қазақстандық кәсіпорындарға сыртқы нарықтарға аса көбірек өнімдер түрлерімен шығуға мүмкіндік беретін жол карталарын әзірледі.
Бұл туралы primeminister.kz сайты ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаеваға сілтеме жасап хабарлады. Спикердің айтуынша, Қазақстан негізгі азық-түлік өнімдері бойынша ішкі қажеттіліктерін толық өтейді. Енді өндірісті ұлғайту және шетелдік өткізу нарықтарына шығу міндеті тұр.
«Біз өзіміз үшін жеткілікті өнім шығарамыз, ал өндіріс көлемін ұлғайту үшін бізге басқа елдердің нарықтарына шығу керек», — деді спикер Гүлмира Исаева.
Алайда, импортқа тәуелділік мәселесі бірнеше өнім түрі бойынша өзекті болып отыр. Атап айтқанда, ол құс еті, кейбір жеміс түрлері, балық және т. б.
Қазіргі кезде ведомство отандық өндірістің дамуына ықпал ететін екі жол картасын әзірледі.
Бұл орайда Г. Исаева атап өткендей, мұсылман нарықтарына экспорт өнімдердің әр партиясын «халал» талаптарына сәйкестігіне сертификаттау жүргізілген жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл нарықтың ерекшеліктерін ескеру қажет, өйткені қазақстандық кәсіпорындардың басым бөлігі малайзиялық «халал» стандартының сертификаттарына ие. Бүгінгі таңда түрлі елдерде стандарттардың түрлі талаптары бар, осы Жол картасы барлық сәйкессіздіктерді ескеруге мүмкіндік береді.
«БАӘ нарығында өздерінің стандарт талаптары бар екенін білеміз, сондықтан да Жол картасы барлық жағдайды көрсетіп тұрады. Оны іске асыру және карта аясында фермерлерге жоспарланған көмек бізге экспорт көлемін ұлғайтып, ең бастысы, фермерлерге өз өнімдерін премиум санатының өнімі ретінде жоғары бағаға сатуға жол ашады деп ойлаймын», — деп түйіндеді Г. Исаева.