
Жаңалықтар
«Ауыл» партиясы – елмен бірге!
Тасқын судан зардап шеккен ағайынға көмек қолын созу – әрбір саналы азаматтың адами борышы. Мұны басты ұстанымына айналдырған «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының өңірлік өкілдігі жанынан көктемгі су тасқынынан зардап шеккен жерлестерге жәрдемдесу мақсатында көмек қоры құрылды.
Бұл туралы аталған саяси ұйымның Атырау облыстық филиалының үйлестірушісі Жанәділ Мұратуллин хабарлады.
— Қорға қаржылай көмектен бөлек, тұрмысқа қажетті бұйымдар, құрал-жабдықтар, басқа да күнделікті тіршілікке қажетті заттар қабылданады. Бұған қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, қайырымдылық жасауға ниетті барлық азамат атсалысып, өзіндік үлесін қоса алады. «Ауыл» қашан да елмен бірге, — дейді Жанәділ Тілекқабылұлы.

Дәулетқали ЛАТИФҰЛЫ