Атырауда автогаз тапшы болып жатыр

1 10 Жаңалықтар

«Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов сұйытылған газ тапшылығы реттелгенге дейін мәселені бақылауда ұстауды тапсырды» деп хабарлайды Atr.kz

Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Данияр Мұқышевтың мәліметінше, Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес, ақпанда наурыз айы үшін облысқа қажетті 4600 тонна сұйытылған газ беру туралы кесте жіберілген.

Алайда «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты тиісті сұйытылған газды бере алмаған. Қазір өзге компаниялардан наурыз айына қажетті 4500 тонна тонна газды сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Еске сала кетсек, облыста сұйытылған газбен жүретін автокөліктер тәулігіне шамамен 150 тонна газ тұтынады.

Бұған дейін көршілес Орал өңірінде де автогаз тапшылығы айқын сезіліп отырғаны хабарланған болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз