ЖаңалықтарМедицинаҚоғам
Ауыл мейірбикелеріне – планшет пен гаджет
Atr.kz/7 тамыз, 2019 жыл. Атыраулық мейірбикелер үшін 20 планшет сатып алынды.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Мақат аудандық ауруханасының мейірбикелері жаңа гаджеттерге қол жеткізді.
— Планшеттер көптеген процестерді жеңілдетуге және жеделдетуге, мәселелерді тиімді шешуге және қажетсіз қағазбастылықтан арылуға, сонымен қатар мейірбикелерге жетекші мамандардан кеңес алуға, дұрыс диагноз қоюға көмектеседі,- дейді Мақат аудандық ауруханасының директоры Батырбек Оңдасынов.
Барлық планшеттер «Мен Анамын», «Дәрігерге», «Қатерлі ісіктердің алдын алу», «Патронажды мейірбике» мобильді қосымшаларымен жабдықталған.
Мақат ауданы
Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі