Жарнама
Жаңалықтар

АУЫЛҒА – ЖАҢА АРНАУЛЫ ТЕХНИКА

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев ауылдық округтердің (Еркінқала, Жұмыскер, Геолог, Қайыршақты, Балықшы, Кеңөзек және Атырау) әкімдеріне арнаулы техникалардың кілтін тапсырды. Түрлі жұмыстарды орындауға бейімделген, заманауи үлгіде жасап шығарылған «МТЗ-80-1» доңғалақты, қорапты тіркемелі  тракторымен күнделікті тұрмыстық қатты қалдықтар мен қоқыстарды тасымалдап шығарудан бастап басқа да толып жатқан  шаруаларды атқаруға   болады. Бұдан бөлек,  «Арнаулы автобаза» коммуналдық  мемлекеттік кәсіпорнына «КамАЗ» автокөлігінің кілті де салтанатты жағдайда табысталды.

– Қала тазалығына бірден-бір жауапты құрылым «Арнаулы автобаза» мекемесіне көп міндет жүктелетінін білесіздер. Әрине, оның тындырып жатқан істері де аз емес. Ал, біз осы ұжымға әркез қолдау мен көмек көрсетіп, қай шаруаны да тізе қоса, бірлесіп атқаруға тиіспіз. Сонда ғана белгілі бір нәтижеге, алға қойған мақсатымызға қол жеткізеріміз анық. Мереке алдындағы тартуларыңыз елдің игілігіне жарасын, Тәуелсіздік күні құтты болсын,-деді қала әкімі Нұрлыбек Жұмахметұлы арнаулы техникалардың кілтін тапсыру сәтінде.

Соңынан ауыл әкімдерінің атынан сөз алған Кеңөзек округінің әкімі Ғарібжан Әбішев шаһар басшылығының мұндай қамқорлығы мен қолдауына ризашылығын білдірді.

Дәулетқали АРУЕВ.

Суреттерді түсірген

Ерлан АЛТЫБАЕВ.   

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button