Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Ауылдан шығып, әлемді бағындырды

Румынияның астанасы Бухарест қаласында самбо күресінен өткен жастар арасындағы әлем чемпионатынан қызылқоғалық Аманжан Әбу жүлдемен оралды.

%d0%b0%d1%83%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d0%b0%d0%bd-%d1%88%d1%8b%d2%93%d1%8b%d0%bf-%d3%99%d0%bb%d0%b5%d0%bc%d0%b4%d1%96-%d0%b1%d0%b0%d2%93%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d1%80%d0%b4%d1%8b

Әлемнің маңдайалды самбошылары басқосқан дүбірлі додада жерлесіміз қола медаль  иеленді. Қызылқоғаның Мұқыр ауылдық округінің спортшысы  алғашқы белдесуінде ресейлік Никита Петушовты айқын басымдықпен ұтып, жартылай сынға жолдама алған болатын. Ал, жартылай финалда моңғолиялық Генендарам Мунхбатпен белдесіп, екеуі де бір-бірін ала алмады. Алайда, тартысты өткен белдесу 3:3 есебімен тең аяқталса да төрешілер жеңісті моңғол палуанына берді. Сол сәтте Аманжанға енді қалғаны қола медаль үшін тер төгу еді. Ол үшінші орын үшін болған бәсекеде беларусь палуаны Карас Антонды таза жеңіп, әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Осылайша, өзінің спорттық жолында  ең жоғары жетістікке  қол жеткізген Аманжан – қазіргі таңда Алматы қаласындағы Қ.Ахметов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектебінің үшінші курс студенті.

Жерлесіміздің осындай  жетістікке жетуіне бапкерлері  Марат Әбдуәлі, Серік Меңдешов, Арсен Хатиптердің сіңірген еңбегі зор.

Дулат  МӘТЖАН,

Қызылқоға ауданы..

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button