Жарнама
ЖаңалықтарМедицинаШаһар шырайы

Аутизм мен Даун синдромын енді Атырауда емдеуге болады (ФОТО)

Атырауда түрлі даму ерекшелігі бар балаларға арналған бірден-бір бірегей орталық ашылды. Атап айтқанда, аутизм, Даун синдромы, сал және басқа да ауруларға шалдыққан балаларға арналған орталық ашылды. Бұл – Алматы қаласында орналасқан бас кеңсенің филиалы.

IMG-20170902-WA0058

Жаңа нысанды орталық кеңсенің басшысы Жанат Ахметованың өзі келіп ашты. Ол өз кезегінде ерекше балалардың ата-аналарына қайтпас қайсарлығы мен батылдығы, асқан қамқорлығы мен табандылығы үшін алғыс білдірді. Орталықтың ашылуына қаржылай қолдау көрсеткен демеуші компаниялар да жетерлік. Құрметті қонақтар қатарында «Маленькая страна» ұйымының басшысы Ерлан Күмісқалиев, «Сана» қоғамдық қорының өкілдері Әйгерім мен Айжан және басқалары болды.

IMG-20170902-WA0052

Бүгінде қоғамда балалар арасында сөйлеу қабілеті мен психикалық-психологиялық дамуы бұзылған балалар көптеп кездеседі. Міне, «Ава Росток» орталығының филиалының мамандары да осындай жандарды аяқтарынан тік тұрып кетуіне бар жағдай жасайды. Бұл жұмыстармен білікті дефектолог, логпед, психолог, ава-терапевттер айналысатын болады. Осы ретте түрлі ойын және топтық жаттығулар кешенінің септігі мол.

IMG-20170902-WA0106

Ең бастысы, ава-терапиямен екі жыл оқытылған балалардың алдыңғы легі биыл мектеп табалдырығын да аттады. Міне, осындай нәтижені көзбен көрген ата-аналар балаларының осы орталықта денсаулықтарын түзеп, қатардан қалмай білім аларына сенімді. Олардың қуанышында шек жоқ. Айта кетейік, орталық Атырау қаласы, «Маслопром» аялдамасы маңында, Құлсаринская көшесінің №33 ғимаратында орналасқан.

IMG-20170902-WA0020

IMG-20170902-WA0016

 Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button