Ауруханалар босай бастады

iz.ru COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/11 тамыз, 2020 жыл. Еліміздің ауруханаларындағы орын 60 пайызға босады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов баяндады.

– Карантиннің бес аптасында, осы шілде айының басынан бері ауруханалардағы орындар 60 пайызға босады. Оның ішінде жансақтау бөліміндегі орындар 58 пайызға дейін босап отыр. Жедел жәрдемге хабарласу айтарлықтай азайды, КВИ бойынша 68 пайызға төмендеді. Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде жазылып шыққан науқастардың саны 73 пайызға өсті, – деді ресми өкіл. Ол басқа аурулардан болатын өлім-жітім жағдайы бойынша мәліметтерді келтірді. «Жалпы, Қазақстанда ауру түрлері мен өлімжітім көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда, оң нәтижелі болып отыр. Қуаныштысы – бала туу көрсеткішінің өсімі байқалуда. Керісінше, нәрестелердің өлімі 13,3 пайызға төмендеді. Тағы бір жағымды жаңалық, Қазақстанда туберкулездан болатын өлім 20 пайызға дейін азайған» деді Бағдат Қожахметов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз