52d650abf594

Атыраудың жолдары ақылы болады

Жаңалықтар Саясат

Atr.kz/17 қаңтар, 2020 жыл. Елімізде ақылы жолдар енгізіле бастады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мамандарының мәліметіне сүйенсек, 2024 жылға дейін республикалық желінің 11 мыңға жуық шақырымын ақылы автожолмен қамту көзделіп отыр.

«Ақылы жол жобасын екі кезең бойынша енгіземіз.

 Бірінші кезеңде 2020-2021 жылдар аралығында алты мың шақырым ақылы жол қолданысқа беріледі.

Атап айтқанда, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізі, «Нұр-Сұлтан – Қостанай – Ресей шекарасы», «Щучинск – Петропавл», «Нұр-Сұлтан – Павлодар», «Қалбатау – Павлодар – Ресей шекарасы» (Омбыға апаратын жол), «Таскескен – Бақты – Қапшағай – Талдықорған», «Атырау – Орал», «Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы» және «Ақтау – Бейнеу» жолдарының учаскелері ақылы болады.

Ал, 2022- 2023 жылдары тағы бес мың шақырым жолды енгізуді көздейтін екінші кезең жүзеге асырылмақ» деп хабарлады аталған министрліктің мамандары. Сонымен бірге, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2020-2026 жылдары ұзындығы 10 мың шақырымды құрайтын республикалық маңыздағы жол құрылысы мен реконструкциясы жоспарланыпты. Биыл осындай жолдың 1373 қозғалыс басталады.

«Орталық – Оңтүстік» бағыты  бойынша 3 1 1 шақырым жол ашылады. «Петропавл – Қорған» тасжолының 37 шақырымы пайдалануға беріледі.

2018 12 06 061851941200

«Орталық – Шығыс» жобасы бойынша – 13 шақырым, «Қостанай – Денисовка» жолында – 65 шақырым, «Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат» жолында 160 шақырым жол ашылады.

Сондай-ақ, 2020 жылы «Атырау – Астрахан» тасжолының 160 шақырымы, «Көктерек асуы» жобасымен – 32 шақырым, «Талдықорған – Өскемен» тасжолында – 384 шақырым, «Ұзынағаш – Отар» жолының 96 шақырымы, «Үшарал – Достық» жолының 60 шақырымы, «Қалбатау – Майқапшағай» жолының 155 шақырымы қолданысқа беріледі» деген ақпарат таратты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған