Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

АУРУХАНАҒА МРТ АППАРАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Биыл  наурыз айында  «AMANAT» партиясы Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Республикалық сайлауалды штабы Атырау облысына жұмыс сапары барысында Құлсары қаласында Жылыой ауданының жұртшылығымен кездесіп, өңірдің мәселелерімен танысқан болатын. 

Жылыойлықтар сол кезде құрылысы жүріп жатқан аудандық аурухананың жобасында МРТ аппаратының жоқтығын, осы аппарат үшін аудан халқы 300 шақырым қашықтықтағы облыс орталығына баруға мәжбүр екендіктерін жеткізді. Кездесу барысында Ерлан Жақанұлы жылыойлықтарға жаңа ауруханаға МРТ аппараты орнатылатынына уәде берді. 

3443d152 f77d 49a5 9c74 105d97aa5ef1

Бүгін  партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасы аясында Жылыой ауданы, Құлсары қаласында 75 орындық аурухана ғимараты пайдалануға берілді.

Жаңа ауруханада  МРТ аппаратымен бірге, цифрлық рентген, соңғы үлгідегі узи аппараты, ота жасауға арналған лапороскопиялық қондырғылар бар. Сондай-ақ, барлық палаталарды көпфункционалды кереуеттер орнатылған. Енді жылыойлықтар облыс орталығына бармай-ақ, ауданнан қажетті тексерулерден өтіп,  ота да жасалатын болады.

Орталық аурухана ғимараты 55 орындық негізгі корпус, 10 орындық балалар бөлімшесі, 10 орындық инфекциялық бөлімшеден тұрады. Сонымен қатар асхана ғимараты, 3 автокөлікке арналған гараж, трансформаторлық қосалқы станция, бақылау-өткізу пункті, медициналық қалдықтарды кәдеге жарату ғимараты, қоқыс жинағыш, құрылысқа арналған дизельді электр станциялары, ауыз суга арналған резервуар, автотұрақ қарастырылған. Жаңа аурухана барлық санитарлық ережелер мен талаптарға сай, заманауи үлгіде салынған.

Н. Насыр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button