Ауруханадағы «Ашық есік» күні
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Ашық есік» күні өтті. Аурухана қызметкерлері мекеменің ауласында «Бес минуттық дене шынықтыру» тақырыбында таңертеңгілік жаттығу жасады.
Бұл күні аурухананың инфекционист-дәрігері, кардиолог, маммолог, гастроэнтеролог, хирург, уролог, оториноларинголог, гинеколог тұрғындарды алдын ала жазылусыз қабылдап, кеңестерін берді. Күні бойына емделушілер қан қысымын өлшеу, бойын, салмағын білу, кардиологқа қаралу, лор мамандарының кеңесін алу, ЭКГ тексеріс және аудиометрия бойынша зерттеуден ақысыз өтті. Сондай-ақ, тұрғындар диагностикалық зерттеуден де тексеріліп шықты.
Акция аясында әртүрлі сала бойынша 162 кеңес берілген. Келушілерге бейнероликтер арқылы ағымдағы жылдың шілде айында жүзеге асатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Нұргүл Насыр