АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛ!
Бір алаңдарлық жай – аймақта бруцеллез ауруының да тіркелгендігі. Бұл, әсіресе, Қызылқоға және Индер аудандарында жиі көрініс береді. Тіпті, алдыңғы жылмен салыстырғанда, былтыр бұл бағытта біраз өсім де байқалған. Сондықтан, малды өңірлерде төрт түліктің саулығына назар аударған абзал. Есепті мерзімде қызылша дертіне қарсы қосымша 11592 адамға екпе жасалған.
Өткен жылы 15 су тазарту қондырғысы тексерілген. Солардың кейбірінде ауыз су сапасы тиісті талаптан төмен болып шықты. Сонымен қатар, сауда нысандарындағы азық-түліктен де жарамсыздық байқалды. Тексеру қорытындысымен 3 тонна 266 келі өнім жойылды.
Ұжым жиналысында сөйлеген облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев еліміз Еуразиялық экономикалық одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше кезде сапаға ерекше мән беру керектігін атап айтты. Сондықтан, аймаққа сырттан әкелінетін өнім түрлеріне қатаң қадағалау орнату қажет.
Б.ТІЛЕУҒАЛИЕВА.