Ауған, Таулы Карабах, Тәжік-Ауған соғыстарының ардагерлеріне мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау көрсетілетін болды
Аtr.kz/7 мамыр, 2020 жыл. «Мемлекет басшысы осы игі қадамы арқылы өз елінің мүддесін ойлайтын көреген басшы екенін тағы бір дәлелдеді» дейді Тәжік-Ауған соғысының ардагері Болатбек ТІЛЕУБЕРГЕНОВ.
.
Осы Заңға сәйкес ендігі жерде Ұлы Отан соғысының және оларға теңестірілген ардагерлерге, Ауған, Таулы Карабах, Тәжік-Ауған соғыстарының ардагерлеріне мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетін болды. Әрине, мұндай көмек бұрыннан да әр түрлі дәрежеде беріліп келгенді. Алайда, кәзіргі заңда тайға таңда басқандай қылып көрсетілгендей ардагерлердің лайықты мәртебесі анықталмаған еді.
Мен өз басым Тәжік-Ауған соғысына қатысушымын. Сонау тоқсаныншы жылдары мемлекеттер арасындағы халықаралық келісім шарт аясында соғыс оты ушығып тұрған жерде әскери борышымды өтедім.
Біздер қатысқан сол қақтығыстарда қазақстандық 17 бауырымыз қаза тауып, 34-і жарақат алды. Елге оралған біздерге мемлекет біраз жылдардан соң ғана көңіл бөле бастады. Алайда, Тәжік-Ауған соғысына қатысқандар біз сияқты сарбаздар Ауған соғысында интернационалдық борышын өтегендермен бірдей жеңілдікке қол жеткізе алмаған еді. Осыған дейінгі қолданыстағы Заңда біздер үшін ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған болатын. Яғни, жауынгерлік ордендер мен медальдарымыз бола тұра ардагер есебінде мәртебеміз жоқ болды.
Бүгін сол олқылықтың орны толып, көңіліміз жайланып отыр. Осымен қоса, біздерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мен түрлі дәрежедегі әлеуметтік көмек көрсетіліп, тұрғын үй мен жер учаскелерін алуда біраз жеңілдіктер берілуде.
Дәрігерлік емделу, салық төлеу бағытында да едәуір жәрдем қарастырылған екен. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған бұл жағдай расымен де барлығымыздың кеудемізге қуаныш ұялатып, елімізге деген мақтаныш сезімін ұялатты. Осы арқылы болашақ күндерімізге деген сеніміміз нығая түсті» дейді ардагер.
Мұратбек ЖАҢАБАЙ
Таулы карабах этносаралық қақтығысына тікелей қатысушымын! 19 90 қаңтар, сəуір айы аралығында АЗЕРБАЙЖАН ССРІ БАКУ ҚАЛАСЫНДА тұтанған таулы карабах үшін болған этносаралық қақтығысты реттеуге ЭСТОНИЯ ССРІ ТАЛЛИНН ҚАЛАСЫНАН жауынгерлік дабыл арқылы алып барды, БАКУ қаласында бұл оқиға қара жамылған БАКУ ДЕП АТАЛДЫ! ЕКІНШІ 19 90- қараша айында Таулы карабах автономия облысы МАРДАКЕРТ қаласына барып, таулы карабах үшін болған этносаралық қақтығысты реттеуге қатыстым! Осыны растайтын құжат РЕСЕЙ архивінен осы жылдың июнь айында келген, ол жерде БАКУ ҚАЛАСЫНДА 19 90 қаңтар сəуір айында болғаным этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан БАКУ ҚАЛАСЫНДА ДЕП КЕЛДІ, ал Таулы карабах автономия облысында болғаным жазылмай қалған! Тараз қаласы қорғаныс істер жөніндегі əскери бөлімі Әзербайжан Баку қаласында болған уақытты көрсетіп құжат берді осымен ардагер статусі беріледі деп, бірақ жергілікті халықты əлеуметтік мекеме қызметкері қабылдамай отыр, Жұмылдыру мекемесі таулы карабах үшін болған этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан сөзді қосып жазсын деп, заң да басқа мемлекеттер аумағында ұрыс қимылдарға қатысқан əскери қызметшілер деп ашық жазылған, Әзербайжан АРМЕНИЯ БАСҚА МЕМЛЕКЕТТЕР, ЖƏНЕ ТАУЛЫ КАРАБАХ ЭТНОС АРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСЫ ТҰТАНҒАН АУМАҚТАРҒА ТІКЕЛЕЙ ЖАТПАЙМА, БҮКІЛ ІШКІ ƏСКЕР БӨЛІМДЕРІ ЖАУЫНГЕРЛІК ТАПСЫРМАНЫ ОРЫНДАУ ҮШІН ЖАУЫНГЕРЛІК ҰШАҚТАРМЕН СОЛ АУМАҚТАРҒА АПАРЫЛДЫ, БҰЛАН АРТЫҚ ҚАНДАЙ ДƏЛЕЛ КЕРЕК, АЗЕРБАЙЖАН МЕН АРМЕНИЯ ССРІН БІРДЕЙ ҚОСУЫ ҮШІН ЗАҢҒА ҚОСЫМША ЗАҢ ҚАРАСТЫРЫЛСА,