Ауған соғысы жайында 10 факт
1979 жылдың желтоқсан айында Ауғанстан билігінің өтінішінен кейін кеңес әскерлері Ауғанстан жеріне кірген. Алғашында, қарулы қақтығыстар бір жылға дейін созылуы мүмкін деген болжам болған, деп жазады atr.kz kaktokto.com сайтының дерегіне сүйеніп.
Алайда, бұл белгісіз соғыс 10 жылға дейін жалғасты. 1989 жылдың 15 ақпанында Әмударияның үстіндегі Достық көпірі арқылы Ауғанстан жерін соңғы кеңес әскері жүріп өтті. Биыл Ауған шекарасынан кеңес әскерлерінің шығарылғанына -35 жыл. Назарларыңызға 10 жылға созылған Ауған соғысы жайында 10 фактіні ұсынамыз.
Ауғанда «мұндай» соғыс болмаған
Ауғанстанда «мұндай» соғыс ешқашан болмаған. 1979 жылы желтоқсан айында кеңес әскерінің шектеулі контингентін Ауғанстанға кіргізді. Ең маңыздысы, кеңес әскерлері бұл елге ресми өкілдердің шақыртуымен келгенін білу қажет. Ал мұндай шақыртулар шамамен 20-ға жуық болған.
Ауғанстан жеріне кірген алғашқы батальондар «мұсылмандар» деп аталған. Алғашқы мұсылмандар батальоны 1979 жылы Түркістандағы Шыршық (Өзбекстан) әскери округінің 15-ші арнайы жасақ бригадасының базасында құрылған. Алғашқы батальонда 532 адам болды, оның құрамында өзбектер, тәжіктер мен түрікмендер болған.
Екінші мұсылман батальоны 1980 жылдың қаңтарында Қапшағайдағы Орталық Орталық Азия әскери округіндегі 22-ші арнайы жасақ бригадасының базасында құрылды. Бұл батальон 498 адамнан құралды, олардың құрамында көбінде қазақтар, ұйғырлар мен қырғыздар болған. Бұл батальонның басты айырмашылығы – барлық солдат қытай тілін білетін.
Кеңес үкіметі 14 427 әскерін жоғалтқан ССРО бұл соғыста АҚШ-тың Вьетнам соғысында жоғалтқан әскерінен аз әскер жоғалтты.
Деректерге сәйкес, Ауған соғысында Кеңес үкіметі 14 427 әскерін жоғалтқан, олардың көпшілігі соғыста қаза тапса, кейбіреулері із-түссіз жоғалып кетіпті. Сондай-ақ, 53 мыңға жуық адам ауыр жарақат алған. Ауғанстанда көрсеткен ерлігі үшін 200 мыңға жуық әскерилер түрлі медальдар мен орденмен марапатталған. Олардың 11 мыңы көз жұмғаннан кейін, ал 86 әскери қызметші (28-і көз жұмғаннан кейін) Совет Одағының батыры атағына лайық деп танылды.
Айта кетейік, Вьетнамда да шамамен 10 жылға созылған соғыс болған, ол соғыста АҚШ өзінің 47 378 әскерінен айырылды. 152 мыңдай адам ауыр жарақаттанған болса, 2 300-і жоғалып кеткен.
Ең танымал шайқас Ауғанстан-Пәкістан шекарасында Хост қаласына дейінгі жолдың 3234 м биіктікте орын алды
Бұл орынды жалпы саны 39 адамнан тұратын 345-гвардиялық жеке парашют полкінің 9-шы ротасы қорғады. Кеңес әскерлеріне Пәкістанда арнайы дайындықтан өткен 200-400-ге жуық моджахедтер шабуыл жасаған.
«Тоғызыншы рота» фильмі түсірілді
Бұл жердегі қарулы қақтығыс 12 сағатқа дейін созылған. Моджахедтер өз мақсаттарына жете алмай, жолдың 3234 биіктігін бағындыра алмады. Тоғызыншы ротаның 6 сарбазы қаза тауып, 28-і жарақаттанған, оның 9-ы ауыр жарақат алған болатын. Бұл шайқасқа қатысқан барлық десант әскерлері Қызыл жұлдыз орденімен марапатталды. Ал екі әскери қызметші Совет Одағының батыры атағына ие болды.
Кейіннен осы қақтығысқа негізделген «Тоғызыншы рота» фильмі түсірілді.
Соғыс кезінде ауғандардың қолына 417 әскери қызметші кепілге түскен
Он жылдай уақытқа созылған бұл соғыста ауғандардың қолына 417 әскери қызметші кепілге түскен, олардың 130-ы босатылып, Отанына кері қайтқан. 1999 жылдың 1 қаңтарында кепілде қалып қойған және жоғалып кеткен адамдардың саны 287-ге жеткен еді.
Ауған соғысы кезінде ССРО жылына $3 доллар шығынға ұшырап отырды
Әр жыл сайын Ауған соғысына ССРО 3 млрд доллар және режимді қолдау үшін 1 млрд доллар жұмсап отырды. 1979-1980 жылдары мұнай бағасы айтарлықтай өскендіктен, ССРО-ның мұндай көлемде қаржы жұмсауға жағдайы жетіп жатты. Алайда 1980 жылдың қарашасы мен 1986 жылдың шілде айы аралығында мұнай бағасы 6 есеге төмендеп кеткен еді.
Олимпиада -80 ойындарына байкот жариялаған
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан шекарасына кіруінен туындаған Варшава келісімшарты мен НАТО мемлекеттерінің арасындағы саяси қарама-қайшылыққа байланысты кейбір елдер Олимпиада ойындарына бойкот жариялады. Бұл ойындарға АӨШ; Канада, Түркия, Оңтүстік Корея мен Жапония мемлекеттері бастаған 65 елдің ойыншылары қатысудан бас тартты.
Сондай-ақ Ұлыбритания, Франция мен Грекияның кейбір спортшылары өздерінің олимпиада комитеттерінің рұқсатымен жеке адам ретінде қатысуға келген болатын, алайда Ұлыбритания мен Францияның спортшылар саны әдеттегіден аз болды. Сондықтан да, Италия құрамасы Батыс Еуропадан шыққан ең үздік команда болып есептелді, бірақ Италиядан да әскери-спортшылар келіп қатыспаған болатын.
ССРО-дағы героиндік тәуелділіктің толқыны Ауғанстанда пайда болды. Кеңес әскерлерінде тәртіптің тым қатал болмауының себебімен маскүнемдер мен нашақорлар шыға бастады. Соғыстың алғашқы кезеңінде бүкіл офицерлік ұжым алкогольдік ішімдіктер ішетін, олардың 70 пайызы алкогольге тәуелді болған.
Медициналық препараттарға қолжетімді әскерилер өз қорқынышын жеңу үшін промедол қолданған. Қаражаты бар әскери қызметшілер жергілікті ауғандардан гашиш пен героин сатып алатын болған.
Ауған синдромы
Ауғанстандағы соғысқа қатысқан көптеген әскери қызметшілер бейбіт өмірге үйрене алмады. Қарулы қақтығыс аймағында болған адамдарда пайда болатын психологиялық ауытқушылықтарға тұрмыстық проблемалар қосылды. Ауған соғысына қатысқандарды ол кезде жұмысқа қабылдамайтын, себебі олардың көрсеткен ерлігін ешкім елемей, қажеті жоқ деп есептеді, қарулы қақтығысқа қатысқандарға сатқындық жасады деген айып тақты.
Ауған соғысына қатысқан көптеген әскерилер бұл қиыншылықтарға төзе алмай өз-өздеріне қол жұмсады. Ал жолы болғандардың криминалдық немесе жартылай криминалдық ортасы болды. Қаншама мәселелер болса да, ССРО кезінде әскерилерге арналған психологиялық көмек көрсету орталықтары болмады.
Қаза тапқандар саны белгісіз
Ауған соғысында қаза тапқандардың нақты саны қанша екендігі әлі күнге дейін белгісіз. Кейбір деректерде 1 миллионға жуық деп көрсетсе, басқа бір деректерде қаза болғандардың саны 670 мың, ал қарапайым халықтың 2 миллионы қаза болған деп көрсетіледі.