
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Әуе, темір жол рейстері ашылмайды: Атырауда карантин созылды
Аtr.kz/23 мамыр, 2020 жыл. Бұл туралы Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері бекіткен №44 Қаулыда жарияланған.
«Темір жол вокзалы, әуежай, автовокзалдардың қызметін уақытша тоқтату жалғасады. Үкіметтік маңыздағы рейстер ғана жүзеге асырылады » делінген Қаулыда.
Сонымен бірге, карантиндік шектеулер Атырау қаласымен бірге, Мақат, Жылыой аудандарында жалғасып отыр.
Десе де, дәмхана, кафе, мейрамханалар жұмысына рұқсат берілді. Қоғамдық тамақтану орындары кешкі сағат 22.00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА