Әскери қызметкер 15 адамды өрттен аман алып шықты

maxresdefault 1 Жаңалықтар

Atr. kz / 15 – ақпан.  Оқиға бүгін түнде Шығыс Қазақстан өңірінде тіркелген.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, ефрейтор Қуандық Қанатов түнгі сағат 2-де жанып жатқан үйдің тұрғындарын эвакуациялауға қатысқан.

20190215101504
Бейбіт күннің батыры Қуандық Қанатов

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінің бірінде жұмыс істейтін әскери қызметші Қуандық Қанатов ерлік танытып, өрт сөндіруге және өртке оранған ғимараттан 15 адамды алып шығуға көмектесті» делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

 Ғимараттан 79 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 20 бала бар.

«Менің орнымда кез келген адам солай істеуші еді. Бастысы, мұндай жағдайда бір-бірімізге көмектесіп, абдырап қалмау керек. Дайындықтар кезінде жараланған әріптестерімізді ұрыс алаңынан эвакуациялайтынбыз. Бұл менің әскери міндетім және азаматтық борышым», – дейді бейбіт күннің батыры Қуандық Қанатов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз