Жаңалықтар
АУДАНДЫҚ АУРУХАНА – «САЛА КӨШБАСШЫСЫ»
– Үздік деп танылған көшбасшыларды марапаттау рәсімі тамыз айының 20-шы жұлдызында Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында өтеді. Сол салтанатты рәсімде ауданымыздан үздіктерге «Жылдың үздік көшбасшысы – 2015», «Жыл маманы – 2015» ұлттық сертификаттары, «Жыл дәрігері» атағы және «Кәсіби саладағы сіңірген еңбегі үшін» медалі тапсырылатын болады, — дейді бізбен әңгімесінде Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Бисенова.
Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы жыл қорытындысы бойынша да облыста бірінші орынды иеленгенін атап көрсеткеніміз жөн.
Мағрупа ҚАЗИХАН,
Қызылқоға ауданы.