Жарнама
Жаңалықтар

Аудандағы сенбілік елдік іске үндеді

Бүгін Исатай ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды,- деп хабарлайды «Нарын таңы» газеті. 

Оған аудан белсенділері, мекеме қызметкерлері мен жастар бір кісідей жұмылып, ауылды тазартуға шықты.

Аталған шараға аудан бойынша 300-ге жуық  адам қатысып, қоғамдық орындар мен көшелер тазартылып, күл-қоқыстан аршылды. Қатысушылар қатарында аудандық мекеме ұжымдары, дербес бөлім қызметкерлері, жастар ресурстық орталығы және еріктілер тобы белсенділік танытты.

Сенбілік барысында қоғамдық орындар, саябақтар,  жаяу жүргіншілер жолы бойы, кәсіпкерлік нысандар маңайы, орталық алаңдар ретке келтірілді.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Арманбек Махмутовтың айтуынша, бұл игі бастама – табиғатқа деген қамқорлықты арттырумен қатар, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға да септігін тигізетінін жасырмады.

Аудан тұрғындары мен жастарға үлгі боларлық сенбілік – ұжымдық бірліктің, жауапкершіліктің айқын көрінісі болды.

Сағыныш ҚАЙЫР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button