
Жаңалықтар
Аудан әкімі сарбаздарға алғыс айтты
Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов сарбаздарға су тасқынын алдын алу бағытында атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

–Дана халқымызда «Ел үшін еңбек еткеннің еңсесі биік» деген сөз бар. Бүгін де Жылыой ауданын су тасқынынан қорғау үшін қосқан үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін! Отанға берген анттарыңызға әрдайым адал болып, ерлік көрсетіп, қызметтеріңізді мінсіз атқара беріңіздер. Осындай ержүрек ұл тәрбиелеген ата-аналарыңызға мың алғыс! Оларға зор денсаулық, бақ-береке, амандық тілеймін, — деді Ж.Қаражанов.
Жиын барысында сарбаздарға аудан әкімі атынан Алғыс хат табысталды.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ