Жаңалықтар
Ауа-райының қолайсыздығына орай, Атырауда электр желілерінде апаттық сөндіру орын алды
Atr.kz/ 17 сәуір, 2019 жыл. Нөсер жауынға байланысты, Атырауда электр желілерінде апаттық сөндіру орын алды.
«Тұрғындардың электр жүйелеріне деген өтініштерін ескеріп, қалыпқа келтіру мақсатында барлығы 30 ұйымдасқан бригададан тұратын қызметкерлеріміз жұмылдырылып, үздіксіз қызмет атқаруда» деп хабарлады Atr.kz редакциясына «Атырау — Жарық» акционерлік қоғамы.
«Атырау қалалық электр жүйелері барлық апатты жағдайдағы электр желілерін қалыпқа келтіру жұмыстары аяқталысыменен, нысандарды электр энергиясымен жабдықтайтынын қаперге береді» делінген хабарламада.
«Атырау – Жарық» АҚ-ның Атырау қалалық электр жүйелері, Жедел-диспетчерлік қызметінің байланыс телефондары:
8(7122) 32-36-36, 32-37-66