Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулықтар Наурыз мерекесін айрықша атап өтті (+ФОТОРЕПОРТАЖ)

Атырауда Ұлыстың Ұлы күніне арналған
“Қош келдің, Әз Наурыз”театрландырылған
мәдени іс-шара өтті. Ауа райының салқындығына қарамастан Исатай-Махамбет алаңына жиналған жұртшылықтың қарасы көп. Өңір тұрғындары мен қонақтары Ұлыстың ұлы күнін тойлауға келді. Әрбіреуінің жүзінде — қуаныш, көңілінде — шуақты көктем. Бір-бірімен сағыныса қауышып, үлкендерімен көріскен халық Атыраудай айбынды өлкенің сән — салтанатын келтірген думанды мерекеге асықты. “Әлемге тіршілік нәрін сыйлаған құдіретті мейірім мен кешірімнің, жаңа күн мен жаңа жылдың мейрамына басымыз аман, бауырымыз бүтін жеткеніміз қандай ғанибет”, — десті атыраулықтар бір ауыздан.

a46188a4 88d0 437c 98a4 4860091229c9

Мұнайлы өлке тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен облыс әкімі Серік Шәпкенов құттықтады.

-Қазақ халқының тағдыр талайымен сабақтасып жатқан Әз Наурыз бүгінде жалпыұлттық мерекеге, нағыз думанға айналды. Бұл мейрамның тынысы тарылып, халқымыздың осындай ғанибеттен қол үзіп қалған кезі де болды. Тізгін өзімізге тигенде Наурызбен қайта қауышып, өшкеніміз жанды. Өн бойы ұлағат, ұлттық бояуы қанық осынау дәстүрімізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу, кең насихаттау, төл жаңа жылымыздың құндылығын жас ұрпаққа сіңіріп, оны өміршең ету — біздің ұлттық мәдениет пен руханият алдындағы борышымыз. Жаңа жылды жақсы ниетпен, пайдалы іспен бастау – талайдан қалыптасқан дәстүр. Ұлыстың ұлы күнінде қонақжай жұртымыз ақ дастарқан жайып, бір-біріне ақжарма тілегін айтады. Бұлақтың көзін ашып, тал егеді, төңіректі тазартады. Биыл Ұлыстың ұлы күні Рамазан айымен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақ жеріндегі дін мен дәстүрдің үйлесімі дәл осы кезде айқын көрінеді, – деген еді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Әз Наурыз – жаңару пен жасампаз рухтың жаршысы. Тағылымы мол бұл мереке – адам мен табиғат арасындағы үндестіктің, келісім мен татулықтың алтын арқауы. Ұлттық мерекемізді ұлығылау мақсатында облыс аумағында «Наурызнама» мерекелік онкүндігі жоспарланып, түрлі мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды. Дәстүріміз дәріптелген бұл шаралар рухымызды асқақтатып, бірлігімізді нығайтып, Отанымыздың игілігі жолында жаңа жетістіктерге қадам басуға дем бергендей. Қазақ елінің бірлігі мен ынтымағы артып, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, егемендігі мәңгі баянды болсын! Әр шаңырақтың төріне қуаныш пен молшылық тілеймін! -деді ол.

47e6d11e a184 4223 9a8d 77da44768281

  Аталар аманаты мен өсиетін жадында сақтаған ұрпақтың қашанда бірлігі ажырамай, берекелі күндері көп болсын деген ниетпен сахнада қазақ эстрадасының жұлдыздары «Жігіттер» квартеті өнер көрсетті. Сондай-ақ, бүгін рухты әндерден топтама орындаған “Асау” триосының тұсауы кесілді.
Айтулы мерекеде эстрада жұлдызы Нұрболат Абдуллин атыраулықтарға ерекше көңіл — күй сыйлады. Ол ел арасында кеңінен танымал әндерін орындап, көрермендерді бір серпілтіп тастады.

027852ed c793 449d b4cd b837839b107e

Орталық алаңдағы мерекелік шара кешкі сағат 18.00-де жалғасын таппақ. Онда Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайының өнерпаздары, би топтары, өнер мектептері, мәдениет үйлерінің әншілер және қазақ эстрада әншілері Нұрболат Абдуллин, «Жігіттер» квартеті өнер көрсетпек.

be301e15 cd5a 459a bb53 b9e7066d43d9

0ca23d61 78ae 467a b330 cae54c0d428b
4212da37 ebfb 44a9 84e8 c8de64908495

a543fac0 1bb6 4f2c a8d5 f166ac59fc59
86848050 a4c3 4846 8435 6b7298afb421
c0964d7d 5667 4855 b6e9 bef32964f5ea
63628b08 e8fd 41be ae4e f4258f329df7
bafc78c9 e2af 4710 b8c2 6b0afea66654
0f9706d3 d47b 49e0 a4a3 826c41383842
347118a9 ab1c 4a43 85f0 8431b76e12bb
ce1fe62a 47dd 4f9f 8a03 97f7d3306302

Айбөпе САБЫРОВА
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button