whatsapp image 2020 01 08 at 16.12.23

Атыраулықтар халықаралық байқауда жеңіске жетті

Жаңалықтар Мәдениет

Atr.kz/8 қаңтар, 2020 жыл. Ресейдің Мәскеу қаласында өткен «Рождественские звезды – 2020» халықаралық фестивалінде атыраулық оқушылар жеңіс тұғырынан көрінді, –  деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жыл сайын үш мыңнан астам өнерпаз бақ сынайтын байқауда Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының шәкірттері ел намысын қорғады. Олар 3 аталым бойынша өнер көрсетті. «Сурет және майлы бояу» мамандығының оқушысы Зере Саясат  –  бас жүлде иеленсе, Құрманбай Іңкәр І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен бірге, академияның «Қазына» би ансамблі өз аталымында І орынды иеленді. 

–  «Рождественские звезды» халықаралық байқауы биыл 20-шы рет  ұйымдастырылды. Оған әлемнің 8 елі мен Ресей Федерациясына қарасты 6 республиканың өнерпаздары қатысты. Оқушылар  үшін мұндай  жарыста жеңімпаз атанудың маңызы зор, – дейді Академия директоры Долорес Таскарина.

whatsapp image 2020 01 08 at 16.12.22 1

Айта кетейік, осыдан аз уақыт бұрын Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының «актерлік шеберлік» мамандығының оқушылары Чехия астанасы Прагада өткен халықаралық жарыстан бас жүлдемен оралған еді. Олар Шекспирдің «Ромео и Джульетта» пьесасын сахналаған болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған