Атыраулықтар дәрігерлерге түскі ас таратып жатыр

107052493 989759138125419 2088037691224281266 o Жаңалықтар

Atr.kz/2 шілде, 2020 жыл. Атырауда «KomekAtyrau» қоғамдық бірлестігі дәрігерлерге күнделікті тегін 100 ыстық тамақ жеткізуде.

Адам жанының арашасы болған жандардың көңілін ауламақ ниетте жасалған игі іске атыраулықтар мен жергілікті кәсіпкерлер қолдау көрсетіп, қаражат жинаған. Бүгінде ұйымдастырылған акция аясында 650 медицина қызметкеріне ыстық тамақ берілді. Қайырымдылық шараға мұрындық болған «KomekAtyrau» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Еркебұлан Серікқалиевтің айтуынша, ыстық тамақ облыс орталығындағы медициналық мекемелерге кезекпен жеткізілуде.

106477704 989759038125429 2831949360952741156 o
106740941 989759101458756 2637790251240592029 o
106453952 989759188125414 8695084520807452958 o

– Кейде өзіміз қарбалас кезеңде түскі ас ішуді ұмытып кетіп жатамыз. Ал, індетпен күресіп жатқан осындай қиын кезеңде дәрігерлердің тамақ туралы ойлауға уақыттары да жоқ. Десе де, оларға күш керек, халықтың қолдауы да аса маңызды. Сол себепті бұл бастаманы жүзеге асырып отырмыз. Бүгін акциямыздың алтыншы күні, – дейді Еркебұлан Серікқалиев.

Айта кетейік, осыған дейін облыс тұрғындары мен жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен «KomekAtyrau» қоғамдық бірлестігі 300 отбасын тамақпен қамтамасыз етті. Сондай-ақ, 2 мүмкіндігі шектеулі жанның отасына және шалғай ауылдардағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қаржылай көмек көрсеткен.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз