Атыраулықтар автобуста тегін жүретіні рас па?
Atr.kz/10 наурыз, 2020 жыл. 14 наурыз – Көрісу күнінде Атырау қаласының тұрғындары қоғамдық көлікте тегін жүреді. Бұл жағымды жаңалықты жолаушылар тасымалымен айналысатын «Аtyrau-Avtopark» ЖШС-і жариялады. «14 наурыз – біз үшін үлкен мереке. Асыл дәстүріміз барлық өңірлерге жұғысты болсын» делінген кәсіпорын таратқан хабарламада.
Бұрын еліміздің батыс өңірінде аталатын «Көрісу күні» бүгінде мереке ретінде халықтық сипат алуда. Оған «Аtyrau-Avtopark» ЖШС-і де үн қосып отыр. Қамқорлық қарекеті көптің көңілінен шығуда. Жуырда серіктестік Халықаралық әйелдер мерекесінде де жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған болатын. Ол күні қаламыздағы 7, 14, 50, 53, 58 бағытындағы автобустар қызметін әйел адамдармен бірге, ер адамдар да тегін пайдаланды.
Мұратбек ЖАҢАБАЙ