Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулықтар «ауыз судан кермек дәм шығады» деп шағымдануда

Әлеуметтік желіде Атырау қаласының тұрғындары соңғы күндері қайнатылған судан кермек дәм шығатынына шағымданып жатыр. Енді бірі шикі судың тұрмысқа пайдалануға да жарамсыз екенін айтып жазба қалдырған. Біз осы мәселеге орай «Атырау облысы су арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына хабарласқан едік.

Аталған кәсіпорынның баспасөз хатшысы Александр Пастуховтың айтуынша, бүгінде барлық су тазалау қондырғылары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Зертхана ауыз судың сапасын тұрақты түрде қадағалауда. Химиялық реагенттер қажетті мөлшерде ғана қолданылған.

– Тазалау қондырғыларынан аққан су санитарлық талапқа сәйкес келеді. Ал, тұрғындардың сапасына қатысты арыз ескерусіз қалмайды. Әлеуметтік желіде көрсетілген мекен-жайлар бойынша су сынамалары алынып, тексерілетін болады. Ол туралы міндетті түрде жұртшылыққа хабарлаймыз, — деді Александр Пастухов.

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button