
Атыраулықтар Ауған соғысының құрбандарын еске алды
Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстан демкоратиялық республикасынан шығарылғанына биыл 35 жыл. Осыған орай жиылған жұрт, алдфмен, «Жеңіс» саябағындағы мәңгілік алауға, одан соң интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Ерлікпен опат болған жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Одан соң Қазақстан Республикасының Гимнін бірлесе шырқап, бүгінгідей бейбіт өмірге шүкіршілік етті.

Мәңгілік алау мен Ауған соғысына қатысушыларға арналған обелискіге гүл шоқтарын қойған көпшілік Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында ұйымдастырылған салтанатт шараға қатысты. Концерттік бағдарламаны тамашалады.

- Сол бір қатыгез соғыстың аяқталғанына биыл 35 жыл толып отыр. Бұл – біздің тарихымыздағы қаттаулы оқиғалардың бірі. Қаншама жауынгер бүгінде ортамызда жоқ. Алайда олардың жасаған ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес, — деген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов бірқатар Ауған ардагерлерін мерекелік медаль мен грамоталармен марапаттады.
Айдарбек АҚАРЫС,
Суреттерді түсірген Ерлан Алтыбаев