Атыраулықтар Алғыс айту күніне ерекше тосынсый жасады (+ФОТО)

img 20210301 wa0069 Жаңалықтар

      Көгілдір көктемнің алғашқы күнімен бірге келген Алғыс айту күніне орай облысымыздың өнер иелері – үлкен-кіші бәрі жиналып, онлайн концерт берді. Олардың арасында мың бұрала билеген би ұжымдары да, күміс көмейінен ән төгілген жезтаңдай әнші де, күйі күмбірлеген күйші де бар.

      – Қазір бәріміздің қолымызда смартфон. «Атырауымызда не жаңалық?» деп қараймыз да отырамыз. Алғыс айту күніне осындай онлайн концерт ұйымдастырған облыс әкімдігіне, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына барша зейнеткер мен еңбек ардагері атынан шынайы алғысымызды білдіреміз. Бос уақыты мол біздей үлкендерге бұл үлкен рухани сый болды! – дейді бізге арнайы телефон шалған оқырманымыз, балық шаруашылығы саласының ардагері Ізтілеу Мұқашев.

      Онлайн концерттің ойдан шығуына «Камелия» би тобы, әнші, өнерпаздар – Жаннат Ермағамбетова, Әсел Аманқұлова, Жалғас Сағындықов, Ермек Айсын, «Фантазия» вокалды тобы, Павел Скляренко, Диана Валедова, Мержан Қабдолов, Бақтоты Кәкімова, Тілек Сағындықұлы, Ержан Мырзахмет және басқалары үлкен еңбек сіңірді. Әсіресе, облыстағы этномәдени бірлестік басшыларының Отанға, жергілікті халыққа деген ақжарма алғысы неге тұрады!

      Лиза СЕЙТІМОВА

img 20210301 wa0068
img 20210301 wa0067
img 20210301 wa0070
img 20210301 wa0071
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз