Атыраулық жастармен онлайн-жүздесу
Атырау облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Асылбек Жакиев онлайн форматта мәдениет пен өнер өкілдерімен кездесу өткізді. Соның ішінде Атырау жастар театрының актерларымен пікір алысты.
Ол алдымен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, кейін халық қалаулысы ретінде атқарар міндеттерін сөз етті. Әсіресе, түрлі бағыттағы батыл бастамаларымен, әр саладағы жаңа жобаларымен бөлісті. Алдағы сайлаудың ерекшеліктерін атап өтті. «НұрОтан» жастар үшін қандай жұмыстар атқарып, тың жобаларды жүзеге асырып жатқанын баяндады.
Өз кезегінде атыраулық жас актерлар да мәдениет саласындағы маңызды мәселелерді айтып, оларды шешу бағытында сауалдар қойды. Көкейде жүрген ойларын да бүкпей ашып айтты. Мәселен, жастар театрына арнап бөлек ғимарат тұрғызу жөнінде батыл бастама көтерді.
Сондай-ақ, жаһанды жайлаған жұқпалы дертке орай енгізілген карантин режимі көптеген кәсіпке тұсау салғанымен, жаңа мамандықтардың тынысын ашып, тың серпін бергені белгілі. Осы орайда, бұрынғы мәдени-көпшілік шаралар қазір онлайн форматқа көшірілді. Бұл өз кезегінде уақытты тиімді өткізуге, мүмкіндікті молынан пайдаланып, күш-жігерді орнымен жұмсаудың алғышарттарын қалыптастырды деуге болады. Кездесуде бұл туралы да жан-жақты сөз болды.
«Nur Otan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді