WhatsApp Image 2019 06 26 at 19.32.56 1

Атыраулық еріктілер Түркістанға барады

Адамгершілік айнасы Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/27 маусым, 2019 жыл. Қазақстан Халқы Ассамблеясы атыраулық еріктілер тобын Түркістан облысына жібереді.

26 маусым күні Атырау қаласы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық кәсіпкерлер ассоциациясының отырысы өтті.

«JAGSYLYQJASA» жобасының аясында «Жаңғыру жолы» ҚХА республикалық жастар қозғалысы Түркістан аймағына бару үшін еріктілер тобын құруға арналған науқанын бастады.

– Атырау облысы Арыс тұрғындарына көмектесуге ниет білдірген алғашқы аймақ болды. Қазіргі кезде төтенше жағдай орнына баратын еріктілер тобын құрды. Еріктілер тобының мүшесі болғысы келетіндер бізбен 8702 000 09 50 байланыс нөмірі бойынша хабарласа алады. Барып келу және ол жақтағы күнкөріске кететін қаражат еріктінің өз есебінен төленеді, – дейді «Жаңғыру жолы» ЖҚ басқармасының басшысы Тамила Розметова.

WhatsApp Image 2019 06 26 at 19.32.55 1

Сондай-ақ, жиында Арыс қаласынан эвакуацияланған адамдарға көмек ретінде қаражат жиналды.

– Біз 2 миллион 800 мың теңге жинадық. «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мүшелері ең көп үлес қосты. Қиын кезеңде көмектескен барлық жандарға алғысымызды білдіреміз, бұл – еліміз үшін баға жетпес үлкен көмек», – дейді Атырау облысының ҚХА төрағасының орынбасары Гүлмира Шәкірова.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған