ЖаңалықтарҚоғам
Атыраулық жас палуан әлем чемпионы атанды
Атыраулық жас палуан Абылайхан Мейрамбекұлы әлем чемпионатынан алтын медаль еншіледі.
Абылайхан Мейрамбекұлы Сербия Республикасының Нови-Сад қаласында самбодан өтіп жатқан әлем чемпионатында 52 келі салмақта бақ сынаған. Әлемнің әр елінен келген қарсыластарының бәрін ұтып, шеберлігімен тәнті етті. Ақтық сында Молдова палуанын да қапы қалдырды.
Сөйтіп, ол жастар арасында әлем чемпионы атанды. Халықаралық додада тағы бір палуан Еркебұлан Қуанғалиев финалда бақ сынауға мүмкіндік алды.
«Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі»