Атыраулық волонтерлер халықаралық марапатқа ие болды
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының жеңімпаздарын анықтауға арналған конкурстық комиссияның қорытындысы жарияланды. Биыл комиссия 15 бағыт бойынша 118 үміткердің өтінімін қарастырып, 47 жеңімпазды анықтады. Атырау облысынан екі номинация бойынша жеңімпаздар белгілі болды.
Облыстық ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін» номинациясында Алтынгүл Шакимова үздік деп танылса, «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы» номинациясында «Жүректен жүрекке» қоғамдық қоры арнайы марапатқа ие болды.
Бұл жетістіктер атыраулық волонтерлердің қоғамдағы маңызды мәселелерді шешудегі белсенділігі мен үлесін айшықтайды. Алтынгүл Шакимова төтенше жағдайлар кезінде көрсеткен жедел көмегімен ерекшеленсе, «Жүректен жүрекке» қоры әлеуметтік жобаларды үйлестіру және жүзеге асыру саласындағы табыстарымен айрықша көзге түсті.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА