Атыраулық ұстаздар тың тәжірибе алмасты (+ФОТО)

img 20220324 wa0098 Жаңалықтар

ОБЛЫС ҰСТАЗДАРЫ ЖОЛ КАРТАСЫ АЯСЫНДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА.

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінде Атырау облысының білім беру жүйесін дамытудың жол картасы аясында тәжірибе тарату алаңы бүгін өз қызметін бастады.

img 20220324 wa0099

Басты мақсат – мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, математиканы, физиканы, химияны және биологияны оқыту бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру және үйретілген ақпараттарды педагогикалық тәжірибемен ұштастыру. Сондай-ақ, қосымша білім беру бағыттары бойынша әдістемелік қолдау көрсету.

img 20220324 wa0097

Тың тәжірибе тарату шарасына облыстағы жалпы білім беретін мектептер мен колледж мұғалімдері қатысуда.

          Бұл арқылы мұғалімдер оқытудың тиімді жаңа әдіс-тәсілдерімен танысады, оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық тәсілдерін қолдануды үйренеді, педагогтардың құзыреттілік деңгейі артады. Бүгінгі басты тәжірибе алмасулар дифференциалдық теңдеулерді шешу, комплекс сандар, PISA тапсырмалары, PASKO құралдарымен практикалық жұмыстар жасау, азық-түліктің құрамындағы органикалық заттарды тестілеу, беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасын анықтау, PISA: Креативті ойлау, оқу сауаттылығы тақырыптары төңірегінде өрбіді. Ұстаздар берілген әр тың ақпарды енді өз тәжірибелерінде де пайдалануға ниетті екендерін жеткізді.

Орынгүл МАХМУД,

баспасөз хатшысы

img 20220324 wa0100
img 20220324 wa0096
img 20220324 wa0102
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз