Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атыраулық тұтынушылардан 237 арыз түсті

Оның ішінде 137 арызға түсіндірме жұмыстары жүргізілді, 72 арызға толықтай жауап беріліп 2 210 343 тг қаражат тұтынушыларға кері қайтарылды, 23 арыз департаменттің құзыретіне жатпайтындықтан, құзырлы органдарға жолданды, -деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Атырау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Әлем Уәлиев брифинг кезінде атап өтті.

-Тұтынушылардың құқықтарын қорғау, консультативтік кеңес беру мақсатында, әлеуметтік желілерде парақшалар мен байланыс телефондары жұмыс жасайды.
Жыл басынан бері 117 тұтынушы тікелей және байланыс телефоны арқылы консультативтік кеңес алды.
Қазіргі таңда e-tutynushy.kz сервистік платформасына 12 арыз түсіп, оның ішінде 5 арыз қанағаттандырылса, 7 арызға түсіндірме жұмыстары жүргізілді, -деді Ә. Уәлиев.

Спикердің айтуынша, егер тауарды сатып алу немесе қызмет көрсету барысында қандай да бір сұрақ, мәселе туындаған жағдайда Атырау қаласы, Азаттық, 31 А мекен-жайында орналасқан Атырау облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне немесе 32-10-36 байланыс телефонына хабарласып, шағымдануға болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button