Жаңалықтар
Атыраулық тұрғынның шағымы қанағаттандырылды
Қызмет алушы Р.Д. «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі мерзімі бұзылып ұсынғанына қатысты шағымы құзырлы департаментке келіп түсті.
Қызмет алушы Р.Д. жер учаскесін кеңейту мемлекеттік қызметті алуға қатысты өтінімін 2024 жылдың 16 шілдесіндеАтырау қалалық әкімдігіне «e-Gov» веб-порталы арқылы түсірген болатын.
Алайда, қызмет берушімен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қызмет алушыға уақытылы ұсынылмаған, яғни қағидада көзделген мерзімде орындалмаған.
Бұл ретте департаменттің жедел әрекетінің нәтижесінде қызмет алушыға әкімдікпен шешім және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ұсынылды.
Сурет: gov.kz