Атыраулық тұрғын жылыжайда лимон өсіріп жатыр

200814221835a3683587d Жаңалықтар

Atr.kz/17 тамыз, 2020 жыл. Атырау облысында шаруагер жылыжайда інжірдің алғашқы өнімін алды.

Махамбет ауданындағы «Атырау өнімдері» шаруа қожалығының 20 жылыжайы бар. Шаруа қожалығын басқаратын Владимир Розметов бақша өнімдерінің түр-түрін өсіреді.

  • «Бірнеше жыл бұрын 20 жылыжайда лимон өсіре бастаған едік. Қазір лимоннан өнім алып отырмыз. Содан соң тәжірибе жасау мақсатында інжірді өсіруді қолға алдық. Інжір де біздің өңірге жерсінді. Жақында алғашқы өнімін жинадық. Өзбекстандық ғалымдардың кеңесіне сүйенсек, інжірді тек жылыжайда ғана емес, ашық аспан астындағы алқапта да өсіруге болады. Бірақ, қысқы маусымда оны да жүзім сияқты жауып қою керек», – дейді Владимир Розметов.

Оның айтуынша, Атырау секілді жартылай шөлейтті аймақ үшін таңсық саналған інжірден 50 келіден астам өнім алудың мүмкіндігі бар. Осыны ескерген шаруагер алдағы жылы оны 1 гектар алқапта өсіруді көздеп отыр.

«ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз